РФ-да репрессияға ұшырағандар туралы құжат құпия бұйрықпен жойыла бастады

0
2 063

"Коммерсанттың" мәліметіне қарағанда, мұрағат құжаттары 2014 жылы шыққан ведомство аралық құпия бұйрықпен жойылып жатыр.


РФ-да репрессияға ұшырағандар туралы құжат құпия бұйрықпен жойыла бастады

ГУЛАГ тарихы музейінің директоры "Коммерсант" басылымына өткен ғасырдың 30-шы жылдары репрессияға ұшырағандар туралы мәліметтер бар мұрағаттағы құжаттардың 2014 жылғы құпия жарлық негізінде жойыла бастағанын хабарлады.

ГУЛАГ тарихы музейінің директоры Роман Романов КСРО кезіндегі саяси қуғын-сүргінге ұшырағандар туралы деректердің жойылып жатқанын РФ президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі Кеңес басшысы Михаил Федотовқа жеткізген. "Коммерсанттың" мәліметіне қарағанда, мұрағат құжаттары 2014 жылы шыққан ведомство аралық құпия бұйрықпен жойылып жатыр.

Музей директорының айтиуынша, ол құжаттардың жойылуы сол кезде сотталғандардың ГУЛАГ желісінде жазасын өтеген орны туралы деректердің жоғалуына әкеп соғады.

"Егер де сотталған азамат лагерде өлген жағдайда оның жеке ісі мерзімсіз сақтауға жіберілетін. Ал, босап шыққан болса оның ісі жойылатын. Бірақ, мұрағатта ол туралы деректер мен жазасын өтеген лагерлер туралы мәлімет жазылған карточкасы сақталатын",-дейді Роман Романов