Сәби сүйе алмай жүрген әйел өмірге бірден 5 бала әкелді

0
6 115

«Бір, екі, үш...Төрт...Бес! Құттықтаймын! Сіз өмірге бес сәбиді әкелесіз!»


Сәби сүйе алмай жүрген әйел өмірге бірден 5 бала әкелді

ERNUR.KZ. Сәби сүйе алмай жүрген ерлі-зайыптылар өздерінің бірден 5 баланың ата-анасы боларын білгенде, өздері де сенбеген, деп жазады life.ru.

АҚШ-тағы Юта штатының тұрғындары ерлі-зайыпты Джейми мен Скайлер көп жылдар бойы бала сүйе алмай келген. Өздерінің 12 және 7 жастағы балаларына бір іні немесе қарындас сыйлағылары келген олардың бірнеше жылдар бойы армандары орындала қоймаған. Әйелдің денсаулығына байланысты енді бала сүю мүмкіндігі төмен деген дәрігердің сөзінен соң олар жасанды ұрықтандыруға тәуелекел жасаған.

Құрсақ көтергенмен Джеймидің денсаулығына алаңдаған дәрігер оны тоғыз ай көтеру мүмкін боларына күмәнді болыпты. Бірақ УЗД жасағанда құрсақтағы бала санын санағанда дәрігердің өзі таң қалған. «Бір, екі, үш...Төрт...Бес! Құттықтаймын! Сіз өмірге бес сәбиді әкелесіз!» дегенде Джеймидің өзі де сенбеген.

Жүктіліктің 18 айында-ақ құрсағы 9 айлық секілді үлкен болған әйел жеріктіктің өте қиын болғанын айтады. Дәрігер құрсағында 5 өмірдің өсіп келе жатқанын, оның екеуі ұл, үшеуі қыз екендігін айтқанда мүлде сенбеген.

Бұл жаңалық 36 жастағы әйел мен оның отбасына нағыз ғажайыптың өзі болды. Бірақ босануды дәрігерлер жүктіліктің 33-ші аптасына жоспарлағанмен, әйелдің денсаулығына байланысты 29-шы аптада босандырып алуға тура келген. 8 ай дәрігерлердің бақылауында жатқан әйел де, медицина мамандары да сәбилердің тірі қалуына күмән келтіргенмен, барлығы аман-сау туылыпты.

Сәбилерге Дейзи, Кейт, Лили, Логан және Линкольн деген есімдер берілген.