Мемлекеттік айыптау патша отбасының мүшесін жарты жыл түрмеге қамауды сұрайды.
ERNUR.KZ. Тақ мұрагері, ханзада Мохаммед бен Салманның әпкесі Хасса бинт Салман ханшайым Францияда сантехникке зорлық-зомбылық көрсетті деп айыпталды, деп жазады Sputnik Қазақстан.
Тергеу мәліметі бойынша, ханшайымның оққағары бірнеше сағат бойы мысырлық жұмысшыға жәбір көрсетіпті – ұрып-соғып, ханшайымның алдында тізерлетіп, аяғынан сүюге мәжбүрлеген. Сантехниктің бар жазығы – ханшайым мен оның Париждегі пәтерін рұқсатсыз ұялы телефонына түсірген екен.
Оқиға 2016 жылдың күзінде болған.
Айыптауға сүйенсек, Хасса бинт Салман ханшайым қолындағы билігін асыра пайдаланып, сантехникке озбырлық жасаған. Прокурор оны жарты жылға бас бостандығынан айырып, 5 мың еуро айыппұл салуды сұрайды.
Ханшайымның оққағарын сегіз ай шартты түрде қамауға алып, бес мың еуро айыппұл салуы мүмкін.