Сауд Арабиясында маймыл шешегін жұқтырған адам тіркелді

0
790

​Сауд Арабиясында маймыл шешек жұқтырған алғашқы жағдай тіркелді.


Сауд Арабиясында маймыл шешегін жұқтырған адам тіркелді

ERNUR.KZ. Науқас басқа елден оралды, деп жазады Zakon.kz.

Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі 14 шілдеде тұрғындар арасынан маймыл шешегінің алғашқы жағдайы анықталғанын хабарлады.

Денсаулық сақтау қызметтері науқас адаммен тығыз қарым-қатынаста болғандарды анықтай алды және олардың барлығы қазір дәрігерлердің бақылауында.

Маймыл шешегі – аса қауіпті инфекциялар тобына жататын ауыр жұқпалы ауру.

Қазақстанда маймыл шешегіне күдік тудырған бірде-бір жағдай тіркелмеді.