Шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған
ERNUR.KZ. Сауд Арабиясының орталық мұнай құбырына дрондармен жасалған шабуылды Йемендегі хуситтер жасаған. Олар қастандықты мойындады, деп жазады 24.kz.
Сондай-ақ хуситтердің өкілі Йемендегі азаматтық соғыстан Сауд Арабиясы шықпаса, шабуылдың жалғасатындығын мәлімдеді. Айта кетейік, жергілікті уақытпен таңғы сағат алтылар шамасында корольдіктің шығысында орналасқан мұнай құбырына дрондармен шабуыл жасалды. Эр-Рияд шабуылды лаңкестік деп бағалап, оған Йемендегі хуситтердің қатысы болуы мүмкін деген еді. Осыдан үш күн бұрын Біріккен Араб Әмірліктерінің экономикалық аймағында 4 танкерге қастандық жасалғаны тағы бар.