Сэлфи жасағандар өлім жазасына кесілуі мүмкін

0
1 637

Демалысты жоспарлаған сәттен бастап-ақ, сапарлап барғалы жатқан еліңіздің заңдары мен ішкі тәртіптері туралы толық ақпарат алған жөн.


Сэлфи жасағандар өлім жазасына кесілуі мүмкін

ERNUR.KZ. 2019 жылдан бастап көптеген елдерде туристер жаңа шектеулер мен қатаң заңдарға тап келуі мүмкін деп жазады Qamshy.kz.

Тәртіпке бағынбағандарға жоғары мөлшерде айыппұл салудан басталып, өлім жазасына кесуге дейінгі қатаң жазалау түрлері бекітілген.

Мысалы, Италиялың Капри аралында 1-мамырдан бастап пластикалық ыдыстардың барлық түрін қолдануға тыйым салынды. Тәртіп бұзушылар 500 еуро көлемінде айыппұл төлеуге тиіс. Демалыс маусымының нағыз қызған шағында аралға күніне 20 мыңнан астам турист келіп, соңдарынан өте көп мөлшерде пластик қалдықтарын қалдырады. Осы жайларды ескере отырып Капри Де Мартино қаласының мэрі жаңа тәртіп енгізу туралы шешім шығарған.

Ал Франция астанасы Парижде қыркүйек айынан бастап жаяу жүргіншілер жолы мен тротуарларда электрлі скутермен, мопедтермен жүрсеңіз 135 еуро айыппұл төлеуге тиіссіз.

Тайландтағы Пхукет аралында орналасқан Май Кхао жағажайында ұшып бара жатқан немесе әуежайға қонып жатқан ұшақтарды суретке түсіруге және олармен сэлфи жасауға тыйым салынбақ. Себебі, демалыс орны әуежайға тым жақын орнасқан. Ал жақын қашықтықтан фотоға түсіру ұшақтардың басқару жүйесіне кедергі келтіруі мүмкін. Тыйым салынған аумақта суретке түсушілерге үлкен көлемдегі айыппұлдан бастап абақтыға жабу, тіпті, өлім жазасына дейінгі жазалар қарастырылған. Жергілікті биліктің айтуынша, ең ауыр жаза түрі ұшақтардың басқару жүйесіне кедергі келтірген тәртіп бұзушыларға қолданылады.

Италияның Чинкве-Терре ұлттық саябағында саяхатшылар үшін жеңіл киіліп-шешілетінаяқ киімдерді киюге тыйым салынады. Таулы аймақтың жер бедеріне сәйкес келмейтін аяқ киім киген туристер үнемі келеңсіз жағдайларға ұрынады да, құтқарушылар тобын шақыруға мәжбүр болады. Енді жаңа тәртіп бойынша, тыйым салынған аяқ киім кигендерге 50 еуро айыппұл салынады, ал құтқару қызметінің құны 2 500 еуроға дейін қымбаттайды.