​Селфи жасаймын деп 260 адам қаза тапқан

0
2 292

Оның басым көпшілігі - еркектер.


​Селфи жасаймын деп 260 адам қаза тапқан

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

ERNUR.KZ. Селфи үшін өмірін қиғандар: 2018 жыл жасалған ауқымды зерттеу барысында әлем бойынша 2011 жылдың қазан айынан бастап 2017 жылдың қараша айы аралығында тәуекелге бас тігіп, суретке түсу үшін қаза тапқандар саны 259-ды құраған.

АҚШ-тың Ұлттық медицина кітапханасы зерттеушілерінің нәтижесі бойынша, өлім санын азайту үшін қауіпті жерде селфи жасауға тыйым салуды ұсынып отыр. Мұндай қауіпті орындарға – биік шың-құздар, биік ғимараттар, су жағалауы және басқа да қайғылы жағдайға ұласуы мүмкін болатын қауіпті орындар жатады.

Селфи кезінде өлім құштырған оқиғалардың басында суға батып кету тұрса, одан кейін жол апаты және биіктен құлау дейді зерттеушілер.

Сондай-ақ электр қуатынан қаза тапқандар мен қауіпті аңдармен фото жасаудың соңы да өлімге соқтырғандар жиі кездескен. Сол сияқты, өрт кезінде ерекше суретке түсіп қалмақ болғандар мен қарумен «ойнамақ болып» ажал тапқандар саны да жетерлік.

Сондай оқиғаның бірі – 19 жасар австралиялық Гэвин Циммердің қазасы. Ол Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльс жартасының биігінде селфи жасаймын құлап, тіл тартпай кеткен.

Бұдан өзге селфидің соңында өмірін қиғандар жайында жаңалықтар легінде жиі жарияланапы та жүр.

Айта кетерлігі, өлім құштырған селфи құрбандары зерттеу нәтижесі көрсеткендей, көбінше Үндістан, Ресей, АҚШ дәне Пәкістанда орын алған және соның ішінде 72,5%-ы ер адамдар болып шыққан.

дереккөз: ca-news.org