Селфи жасау ресми түрде жүйке ауруы деп танылды

0
2 588

​ERNUR.KZ Америка психиатрлық қауымдастығы (АПҚ) ресми түрде көпшілік сезіп жүрген нәрсенің: өзін-өзі үнемі суретке түсіре берудің (сэлфилетеберуді) психикалық ақау екенін растады.


Селфи жасау  ресми түрде жүйке ауруы деп танылды

ERNUR.KZ Америка психиатрлық қауымдастығы (АПҚ) ресми түрде көпшілік сезіп жүрген нәрсенің: өзін-өзі үнемі суретке түсіре берудің (сэлфилетеберуді) психикалық ақау екенін растады.

Мұндай ақау «сэлфитис»(selfitis) деп аталады. Ол өзін-өзі обсессивті-компульсивті суретке түсіре беруге және өз-өзіне деген құрметтің аздығын, жақындықтағы кемшін тұстардың орнын толтыру үшін суреттерін әлеуметтік медиаға салуға деген ерекше құштарлықпен анықталады.

Америка психиатрлық қауымдастығының шешіміне сәйкес бұл өзгерістің үш деңгейі болады:

Шектік сэлфитис: күніне кем дегенде үш рет өзін-өзі суретке түсіру, бірақ суретті әлеуметтік желіге жібермеу;

Асқынған сэлфитис: күніне кем дегенде өзін-өзі үш рет суретке түсіріп, әр суретті әлеуметтік желілерге салу:

Созылмалы сэлфитис: тәулік бойы өзін-өзі суретке түсіруге деген ерекше құштарлық және барлық суреттерді әлеуметтік медиаға күніне алты реттен артық салу.

Сонымен қатар, жақында ғана ғалымдардың спортзалда немесе таңғы жүгіріс кезінде түскен суреттерді әлеуметтік желіге салу өте ауыр психикалық сырқат – тұлғалық қасиеттердің нарцисстік бұзылуының белгісі екенін мойындағандары белгілі болды.

Ғалымдар селфиге түскенді жақсы көретіндерге қатысты 20 пайым дайындаған. Олар экспериментке қатысушыларды олардың нақтылығын 1-ден 5-ке дейінгі көрсеткіш бойынша бағалауды ұсынады. Зерттеуге 27 жасқа дейінгі 400 адам қатысқан.

Жүргізілген зерттеу нәтижесінде психологтар мынадай шешімге келді: күніне үш рет суретке түсетін, бірақ оларды интернетте жарияламайтын адамды мамандар “селфитис” деп атап, психикалық ауруға шалдықты деген диагноз қоюға болады. Аталған дерт асқынған кезде адам суреттерін желіге салғысы келіп тұрады. Ауру келесі созылмалы кезеңге өткенде адам күніне кемінде алты селфи жариялайды.

Ғалымдардың айтуынша, “Селфитис” дертімен ауыратындар әдетте өзіне сенімсіз адамдар, олар осылайша өзіне назар аудатқысы келеді екен. «Ауру - астан» деуші едік, енді селфиден індет кеп жүрмесін!

Ал сіз күніне неше селфи жасайсыз?

Ашық дереккөзден алынды