Шахтадағы жарылыстан тірі қалған адам табылды

0
914

​Ресейдің Кемерово облысындағы «Листвяжная» шахтасындағы жарылыстан тірі қалған адам табылды.


Шахтадағы жарылыстан тірі қалған адам табылды

ERNUR.KZ. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі басшысының міндетін атқарушы Александр Чуприян мәлімдеді, деп жазады 24.kz.

Айтуынша, аман қалған азамат кенші емес құтқарушы. Естеріңізге сала кетейік, кеше Ресейдегі Кузбастағы шахтада апат болған еді. Бұдан 52 адам қайтыс болды. Құрбандар арасында 6 құтқарушы бар.

Қайғылы оқиғаға метан газының жарылысы себеп болған. Тергеу барысында кен орнының директоры, оның бірінші орынбасары мен учаске басшысы қамауға алынды.

Алдын ала мәлімет бойынша ұсталғандарға өндіріс нысандарында қауіпсіздік талаптарының бұзылуына жол берді деген айып тағылып отыр. Кеншілер түтінге тұншығып, жан тапсырған.

Жалпы төтенше жағдай кезінде кен орнында 285 жұмысшы болған. Айта кетейік, аталған оқиғаға байланысты Кемерово облысында үш күндік қаралы күн жарияланды.