Шариғат заңы бойынша неке қидырғандар жауапқа тартылуы мүмкін

0
1 599

БАҚ мәліметі бойынша, биыл 33 мың жұп ресми тіркеуден өткен, ал шариғат заңы бойынша неке қидырғандар саны - 12 мың 150 жұп.


Шариғат заңы бойынша неке қидырғандар жауапқа тартылуы мүмкін

ERNUR.KZ. Өзбекстан заңды тіркеуден өтпей, ислам шариғаты бойынша неке қиғызғандарды қылмыстық жауапкершілікке тартуды көздеп отыр, деп жазады centralasian.org.

Осыған байланысты елде тиісті заңдарға өзгерістер мен түзетулер енгізу бойынша жұмыс басталды деп сұқбат берген газетке Әйелдер комитетінің Самарқанд облысы бойынша төрайымы Гавхар Алимова.

БАҚ мәліметі бойынша, биыл 33 мың жұп ресми тіркеуден өткен, ал шариғат заңы бойынша неке қидырғандар саны - 12 мың 150 жұп.

Самарқанд облысында биыл 2500 жұп заңды тіркеусіз неке қиғызған. Бірақ кейін олардың 2300-і некелерін заңдастырған.