Шри-Ланкада наразы топ президенттің үйіне басып кіріп, отставкаға кетуін талап етті

0
1 648

Ел экономикалық дағдарысқа ұшырады, наразылық биылғы наурыз айынан бері басылмай отыр.


Шри-Ланкада наразы топ президенттің үйіне басып кіріп, отставкаға кетуін талап етті

ERNUR.KZ. Шри-Ланка астанасы Коломбода мыңдаған демонстранттар полиция қоршауын бұзып өтіп, президент резиденциясына кірді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ел экономикалық дағдарысқа ұшырады, наразылық биылғы наурыз айынан бері басылмай отыр.

Шри-Ланканың премьер-министрі Ранил Викрмесингхе өз партиясының жетекшілерін шұғыл жиналысқа шақырып, спикерге парламент мүшелерін дереу жинауды бұйырды.

Сенбі күнгі жаппай шеру - ауыр экономикалық дағдарысқа ұшыраған арал еліндегі биылғы ең ірі наразылық шараларының бірі.

Полиция шерушілерді тарату үшін су атқыштар мен көзден жас ағызатын газ қолданған.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, президент Готабай Раджапакса демалыс күндері болатын наразылық туралы ескертуге байланысты жұма күні резиденциясынан шығарылды.

Шри-Ланка 1948 жылы Ұлыбритания қарамағынан шыққаннан бері ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатыр.

Елде жанар-жағармай тапшылығы қатты сезілуде, сонымен қатар азық-түлік пен дәрі-дәрмек жетіспеушілігі байқалады. Өткен айда елдегі инфляция көрсеткіші 50 пайыздан асты.

Шри-Ланка тұрғындары биліктің әрекетсіздігіне ашуланып, президенттің отставкаға кетуін талап етіп отыр.