Швецияда ұшақ құлап, тоғыз адам мерт болды

0
481

Бортта сегіз парашютші мен ұшқыш болған.


Швецияда ұшақ құлап, тоғыз адам мерт болды

ERNUR.KZ. Бейсенбі күні Швецияның Эребру қаласында ұшақ құлап, салдарынан борттағы тоғыз адамның барлығы қаза тапты, деп жазады ҚазАқпарат.

Полиция бұған дейін бірнеше адамның қаза тапқаны туралы хабарлаған болатын.

Aftonbladet газетінің мәліметінше, ұшақ ұшу-қону жолағынан бірнеше жүз метр қашықтықта құлап, жанған. Бортта сегіз парашютші мен ұшқыш болған. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері парашютшілер мен ұшқыштың өлімі қандай жағдайда болғанын нақтылаған жоқ.