Сочиде нөсер жауын көшеде тұрған көліктерді шайып әкетті – видео

0
799

Төтенше жағдай салдарынан бір әйел көз жұмды, ол жол қоршауы мен су ағызып кеткен көліктің арасына қысылып қалған.


Сочиде нөсер жауын көшеде тұрған көліктерді шайып әкетті – видео

ERNUR.KZ. Ресейдің Краснодар аймағында ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай болды, деп жазады Sputnik.Kz.

Әсіресе, Сочи қаласында жаңбыр қатты жауғаны сонша, көшеде тұрған көліктерді су шайып әкетті.

Қазір өңірде шұғыл штаб құрылды. Ресми мәліметке сәйкес, сенбі күні Сочи қаласында бір сағаттың ішінде 55 миллиметрден артық жауын-шашын түскен. Нөсерден кейін Лазарев, Хостинкий және Орталық аудандарды су басты. Ал Донская шағын ауданында бір әйел қаза болды. Ол жол қоршауы мен су алып кеткен көліктің арасында қысылып, батып кеткен. Тергеу комитеті тексерісті бастады. Мамандар оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр, деп хабарлайды РИА Новости.
Әлеуметтік желіде қалада түсірілген видео тарап жатыр. Жергілікті биліктің мәліметінше, төтенше жағдай кезінде тас жолдарды, тұрғын үйлердің ауласын және астыңғы қабаттарын су басқан. Ал Хоста, Мацеста, Бзугу мен Кудепста өзендерінде датчиктер су деңгейінің қауіпті екенін көрсете бастады.
Электр станцияларын да су басты. Соның салдарынан жарық өшіп қалды.
Сочиде дауылды ескерту әлі де сақталып отыр. Синоптиктер нөсер жауын, бұршақ түсіп, теңізде құйын болады деп болжап отыр. Қазір теңізге шомылуға тыйым салынған.