Солтүстік Корея аса үлкен калибрлі зымыранды сынақтан өткізді

0
1 730

Солтүстік Корея басшысы сынақ нәтижелеріне "қанағаттанғанын" жеткізген.


Солтүстік Корея аса үлкен калибрлі зымыранды сынақтан өткізді

ERNUR.KZ. КХДР аса үлкен калибрлі көпсалалы зымыран қондырғысын сынақтан өткізді. Бұл туралы Кореяның орталық телеграф агенттігі мәлімдеді, деп жазады Тengrinews.kz.

Хабарламада сынақтың сәтті өткені және бұл зымыран қондырғысының "артықшылығы мен сенімділігін" дәлелдейтіні жазылған. Бұл процесті Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын өзі бақылап отырған. Ол сынақ нәтижелеріне "қанағаттанғанын" жеткізген.

Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Жапония билігі КХДР белгісіз снарядты іске қосқанын хабарлаған. Алдын ала мәліметтер бойынша, зымыран Жапонияның эксклюзив экономикалық аймағына жақын жерге түскен.

11 тамызда Ким Чен Ын "жаңа қарудың" сынағына қатысқаны хабарланған. Ол сәтті өтіп, Солтүстік Корея басшысы ғалымдарға алғыс білдірген еді.