Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын ядролық қару ​​күштерін жұмылдыруға дайын екенін жариялады

0
1 815

Ким Чен Ын өз елінің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін баса айтты.


Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын ядролық қару ​​күштерін жұмылдыруға дайын екенін жариялады

ERNUR.KZ. Солтүстік Корея президенті Ким Чен Ын Корей соғысындағы бітімге келудің бір жылдығына арналған мерекелік шарада ядролық қару күштерін жұмылдыруға дайын екенін айтты, деп жазады Stan.kz.

"Рёнхап" агенттігінің хабарлауынша, Ким Чен Ын өз елінің АҚШ-пен кез келген әскери қақтығысқа толық дайын екенін баса айтты. Ол Вашингтон Пхеньянның негізгі мүдделерін бұзып, оның қауіпсіздігіне қол сұғады деп санайды. Сөз барысында Ким Чен Ын оңтүстіктегі көршісіне де тосқауыл қойды. Оның айтуынша, Оңтүстік Кореяның қарулы күштері елге алдын ала соққы беруге әрекеттенсе, жойылу қаупі төнеді.