Стамбулдың орталығында бес қабатты ғимарат құлады – видео

0
1 052

Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.


Стамбулдың орталығында бес қабатты ғимарат құлады – видео

ERNUR.KZ. Стамбулдың орталығындағы Бейоғлу ауданында қараусыз қалған бес қабатты ғимараттың құлаған сәті видеоға түсірілді, деп жазады sputnik.kz.

DHA агенттігінің хабарлауынша, 2015 жылы ғимарат иесіне оны қалпына келтіруге рұқсат берілген. Алайда ол қалпына келтіру жұмыстарын бастамаған.
Салдарынан 8 жылдан кейін Түркияның Стамбул қаласының дәл орталығында бой көтерген бес қабатты ғимарат опырылып құлады. Оқиғадан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.
Бейоғлу — Стамбулдың Еуропа бөлігіндегі аудан.