"Талибан" тағы да әйелдерге оқ жаудырды

0
597

Оқиға жергілікті аурухананың жанында болды.


ERNUR.KZ. Оқиға жергілікті аурухананың жанында болды. "Талибан" қозғалысының содырлары (Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Кабулда наразылық шарасын ұйымдастырған әйелдерге оқ жаудырды, деп жазады Inbusiness.kz.

Зардап шеккендер немесе жараланғандар туралы ақпарат жарияланбады. Оқиға жергілікті аурухананың жанында болған.

Бас көтерген әйелдер "Біз — аш халықтың үніміз"," Әділдік!", "Жасасын адамзат" деп ұрандатқан. Бұған дейін де "Талибан" жаңа үкіметке қарсы шыққан бейбіт ереуілшілерге бірнеше мәрте шабуыл жасаған еді.

Тамыз айында Ауғанстандағы билікті басып алған уақытта тәліптер ұлттық ту бекітілген көлікке оқ атқан еді. Одан кейін де олар "республиканың" байрағын ұстап көшеге шыққандар мен наразылық шарасына қатысқан әйелдерге шабуыл жасады.