Бұл жаңалықты 26 желтоқсанда "Талибан" үкіметінің өкілі Мохаммед Садық Ақыф растады.
ERNUR.KZ. Тәліптер әйелдерге 72 шақырымнан асатын аумаққа ерлерсіз немесе жақын туысынсыз шығуға тыйым салды, деп жазады zakon.kz.
Ауғанстанның ізгілікті насихаттау және келеңсіздіктердің алдын алу министрлігі көлік иелеріне ер адамсыз жүрген әйелдерді тасымалдауға болмайды деген нұсқау шығарған.
Орталық Азия жаңалықтары қызметі таратқан мәлімет бойынша, "Талибан" билігі оған қоса, такси және қоғамдық көлік жүргізушілеріне хиджабсыз жүрген әйелдерді мінгізбеуге және музыка қоспауға нұсқау берген.
Бұл жаңалықты 26 желтоқсанда "Талибан" үкіметінің өкілі Мохаммед Садық Ақыф растады.
Бұған дейін Ауғанстанның Газни провинциясындағы "Талибан" билігі әйелдерге ер адамсыз дәрігерге баруына тыйым салған еді. Бұл жөнінде елдің денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап Etilaatroz басылымы хабарлады.