​Тапаншамен селфи жасамақ болған 13 жастағы қыз өзінің бетіне оқ атып жіберді

0
1 515

Қаруды сақтауда салғырттық танытқан әкесі жауапқа тартылды.


​Тапаншамен селфи жасамақ болған 13 жастағы қыз өзінің бетіне оқ атып жіберді

ERNUR.KZ. Ресейде 13 жастағы қыз әкесінің тапаншасын алып, «қауіпті» селфи жасамақ болған. Нәтижесінде тапаншаның шүріппесі аңдаусызда басылып кетіп, оқ қыздың бетіне атылды, деп жазады Stan.kz.

Оқиға 5 қаңтарда Мәскеу облысында орын алған. Тапаншамен суретке түспек болған қыз аңдаусызда шүріппені басып жіберіпті. Осылайша, оқ қыздың дәл бетіне тиген.

Дәрігерлердің сөзінше, қыздың астыңғы жағы сынып кетіпті.

Зардап шеккен қыздың әкесінің қару сақтауға рұқсаты бар екен. Алайда ол қаруды сақтауда салғырттық танытты деп айыпталып, жауапқа тартылды.