Ташкент трансұлттық теміржол салу туралы келісімді бекітті

0
540

Қазақстанды айналып өтетін теміржолдың салынуына бүгін соңғы ел – Өзбекстан келісті.


Ташкент трансұлттық теміржол салу туралы келісімді бекітті

ERNUR.KZ. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолын салу туралы үкіметаралық келісімді бекітті. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлайды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қаулыға сәйкес қытай үкіметі, Қырғызстан министрлер кабинеті мен Өзбекстан үкіметі арасында Қытай — Қырғызстан — Өзбекстан темір жолы жобасын бірлесіп іске асыру жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім бекітілді", — делінген ведомство ақпаратында.

Аталған халықаралық шартты іске асыруға жауапты құзыретті орган ретінде республиканың көлік министрлігі айқындалды.

Темір жол Қашғар — Торугарт — Макмал — Джалал-Абад — Андижан бағыты бойынша өтеді. Оның жыл сайынғы жүк тасымалдау көлемі 15 млн тоннаны құрайды деп күтілуде, ал тауарларды түпкілікті тұтынушыларға жеткізу мерзімі жеті күнге қысқарады.