​ Ташкентте алғашқы гастрономиялық көше ашылады

0
265

Оның бойындағы тамақтану орындары тәулік бойы жұмыс істейді.


​ Ташкентте алғашқы гастрономиялық көше ашылады

Фото: plov press.

ERNUR.KZ. Өзбекстан астанасында алғашқы гастрономиялық көшені құру жұмыстары өз мәресіне жетті, деп жазады inbusiness.kz.

Қоғамдық кеңістіктің жаңа нысаны Мирабад ауданындағы Тарас Шевченко көшесінде орналасқан. Аудан әкімшілігінің мәліметінше, ашылу салтанаты қазан айының басына жоспарланған.

Жаңа гастрономиялық көшенің ерекшелігі – мұнда орналасқан қоғамдық тамақтану орындары тәулік бойы жұмыс істейді. Осыған орай, сағат 20:00-ден 6:00-ге дейін Тарас Шевченко көшесі бойынша автокөлік қозғалысы шектеліп, көше жаяу жүргіншілер аймағына айналады.

Гастрономиялық және қолөнер көшелерінің желісін құру – Ташкент қалалық ортасын дамыту бағдарламасының бөлігі. Мирабад ауданынан басқа, мұндай нысандар өзбек астанасының тағы жеті ауданында пайда болады.