Бұған дейін мектеп мұғалімдері мен педагогика оқу орындарының студенттері Украинаның Ресей басып алған Херсон және Запорожье өңіріне іссапарға жіберілетіні жөнінде хабар тараған.
ERNUR.KZ. 1 шілде мен 15 тамыз аралығында Татарстан ерікті студенттердің төрт тобын Украинаның Ресей басып алған жеріне жіберуді жоспарлап отыр, деп жазады azattyq.org.
"Ресей стдуденттерінің отряды" бүкілресейлік қоғамдық ұйымының Татарстан бөлімшесінің "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі парақшасында "ДХР-дағы "Саур Могила" мемориалды кешенін абаттандыруға және инфрақұрылымдарды қалпына келтіріп, үйінділерді аршуға еріктілер жинап жатқаны туралы" хабарлама жарияланған.
28 маусымда жарияланған постқа "Гроза" бүгін назар аударған.
Жоғарыда аталғандардан өзге "студенттер "ЛХР" медицина мекемелерінде, балалар орталығы мен демалыс үйлерінде жетекші бола алады" дейді ақпаратта.
Бұған дейін мектеп мұғалімдері мен педагогика оқу орындарының студенттері Украинаның Ресей басып алған Херсон және Запорожье өңіріне іссапарға жіберілетіні жөнінде хабар тараған.
"Idel.Реалии" Чувашия Украинаның Ресей басып алған жеріне жазғы жұмысқа барғысы келетін мұғалімдерге жұмыс ұсынып жатқанын жазған еді.