Тікелей эфирде журналиске шабуыл жасалды (видео)

0
863

​Тілші 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарының құрметіне арналған жиыннан тікелей эфирге шыққан болатын.


Тікелей эфирде журналиске шабуыл жасалды (видео)

ERNUR.KZ. Украинада тікелей эфир кезінде NewsOne телеарнасының журналисі Виолетта Товкеске шабуыл жасалды. Ол Киев қаласында 1932-1933 жылдардағы аштық құрбандарының құрметіне арналған жиыннан хабар таратқан, деп жазады Sputnik Қазақстан.

Кадрде ер адам тілшінің қолынан микрофон мен аза тұту майшамын жұлып алғанын көруге болады. Ол журналиске айқайлап, оқиға орнынан кетіп қалды.


"Біз тәртіп сақшыларының түсіру тобына шабуыл жасаған ер адамды жазалауын сұраймыз", - делінген NewsOne арызында.




Телеарна басшылығы кінәлілерді жауапқа тарту үшін барлық шара қолданылады деп отыр.