TikTok қосымшасына балалардың құқығын бұзды деген айып тағылды

0
905

2019 жылы TikTok 13 жасқа дейінгі балалардың барлық видеосын өшіруге міндетті болған.


TikTok қосымшасына балалардың құқығын бұзды деген айып тағылды

ERNUR.KZ. АҚШ-тың Сауда жөніндегі федералдық комиссиясына TikTok-ке шағым түсті. Компанияға Америка Құрама Штаттарының балаларды қорғау туралы заңын бұзды деген айып тағылды, деп жазады tengrinews.kz.


2019 жылы TikTok 13 жасқа дейінгі балалардың барлық видеосын өшіруге міндетті болған екен. Алайда, платформа мұны жасамаған.

"Біз TikTok-ке әлі күнге дейін 13 жасқа толмаған көп тұрақты қолдаланушылардың тіркелгенін анықтадық, олардың басым бөлісі видеосын бірнеше жыл бұрын жариялаған", - делінген шағымда.

Федералдық сауда комиссиясы компания балалардың арасында танымалдығын білетінін, бірақ олардың жеке ақпаратын өңдеуге ата-аналар келісімі жоқ екенін атап өтті. 2019 жылы TikTok 5,7 миллион доллар айыппұл төлеген болатын.

"Балалар қосымшаға оңай тіркеле алады. Бұл - құқықты қорғау туралы заңға қайшы. Өйткені компания олардың мәліметтерін жарнама берушілер үшін пайдаланады. Қосымшаны жүктеген кезде көрсетілетін жас шектеулерін оңай айналып өтуге болады", - дейді белсенділер.

TikTok баспасөз қызметі құпия мәліметке жауапкершілікпен қарайтынын және "өз қолдаланушылары үшін қауіпсіз әрі қызық қауымдастық" болып қалуға ұмтылатынын атап өтті.