​Тікұшақта темекі шеккен ұшқыш жолаушыларды өлтіре жаздады

0
1 518

Осыдан кейін ұшақ 3 048 метрге дейін төмендеп, біраздан соң қайтадан тұрақты биіктікке көтерілді.


​Тікұшақта темекі шеккен ұшқыш жолаушыларды өлтіре жаздады

ERNUR.KZ.Бұл туралы South China Morning Post хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Оқиға Қытайдың Далиан қаласынан Гонконгқа бағыт алған жолаушылар ұшағында орын алды. Ұшу кезінде шылым шеккен екінші ұшқыш әуе кемесінің командирін ескертпестен салқындатқышты өшіріп тастаған. Ол желдеткішті темекі түтіні жолаушылар отырған салонға кіріп кетпесін деп абайсызда өшіріп қойған. Соның нәтижесінде ұшақтың апаттық тетігі іске қосылып, оттегі маскасы түскен.

Осыдан кейін ұшақ 3 048 метрге дейін төмендеп, біраздан соң қайтадан тұрақты биіктікке көтерілді. Абырой болғанда ұшақта болған 153 жолаушының ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Әуекомпания сарапшылары оттегі деңгейінің азаюына қарамастан ұшқыштардың ұшуды жалғастыруына келісім берген.

«Пайдаланылған оттегі маскаларымен ұшуды жалғастыру нағыз ессіздік болды. Егер тағы да апаттық жағдай қайталанса, жолаушылар оттегісіз қалатын еді », – деп түсіндірді Cathay Pacific Airways ұшқышы Дэвид Ньюбери.