Карантин кем дегенде 2 наурызға дейін созылады.
ERNUR.KZ. Голливуд актері Том Круз "Миссия невыполнима" фильмінің жетінші бөлімінің түсірілімдері бойынша әріптестерімен бірге Венецияда карантинге жатқызылды. Олардың арасында - актер Саймон Пегг бар, жаңалықты сол айтқан, деп жазады Tengrinews.kz.
Ол актерлердің Венецияның ең қымбат қонақүйлерінің бірі - Gritti Palace-те оқшауланғанын айтты. Карантин кем дегенде 2 наурызға дейін созылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, түсірілім командасы мүшелерінің ешқайсы вирус жұқтырмаған.
Том Круз 20 ақпанда Венецияға бірнеше экшн-түсірілімге қатысу үшін келген - атап айтқанда гондолда және қаланың көрнекті жерлеріне баруы керек болған, бірақ Италиядағы коронавирустың таралуына байланысты фильмнің түсірілімін тоқтата тұруға тура келді.