​Трамп өміріндегі ең жақсы кездесуі Путинмен болғанын айтты

0
1 232

Олар менің бокс жекпе-жегін жасағанымды қалды.


​Трамп өміріндегі ең жақсы кездесуі Путинмен болғанын айтты

ERNUR.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен болған кездесуін өміріндегі ең жақсы кездесулердің бірі екенін мәлімдеді, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бұл өте қызықты. Солтүстік Кореямен келіссөздер жүргізгенімде олар "Ол тым қатал, ол тым қатал" дейтін. Өмірімдегі ең жақсы кездесулерімнің бірі Владимир Путинмен болды және олар "Ол тым мейірімді болды, ол тым мейірімді болды" деген. Олар менің бокс жекпе-жегін жасағанымды қалды. Керемет кездесу болды", - деді Трамп Монтана штаты, Биллингс қаласындағы митинг кезінде.

16 шілдеде Хельсинкиде Америка Құрама Штаттары мен Ресей президенттерінің алғашқы толыққанды келіссөздері өтті. Президенттер екі сағаттан аса әңгімелесіп, кейін делегациялар кеңейтілген құрамда түскі ас ішті, содан кейін олар журналистердің сұрақтарына жауап берді. Кездесу қорытындысы бойынша көшбасшылар екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға мүдделі екенін білдірді.