Трамп қос Корея басшыларының кездесуі туралы пікір білдірді

0
1 984

Дональд Трамп осы тарихи кездесуге оң баға беріп, АҚШ-тың бұрынғы әкімшіліктері жіберген қателіктерін қайталамау керектігін айтты.


Трамп қос Корея басшыларының кездесуі туралы пікір білдірді

Вашингтонда кездескен АҚШ президенті мен Германия канцлері кореяралық саммит жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды Хабар24.

Дональд Трамп осы тарихи кездесуге оң баға беріп, АҚШ-тың бұрынғы әкімшіліктері жіберген қателіктерін қайталамау керектігін айтты. Ол «Корея түбегі ядролық қарудан түпкілікті бас тартпайынша, Пхеньянға қысым жасала береді» деді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен кездесуі сәтті өтеді деп үміттенеді.

Ангела Меркель АҚШ президентінің беделі арқасында Корея дағдарысын реттеуге мүмкіндік туғанын мәлімдеп, өз алғысын білдірді. Екі ел басшысы Иранмен ядролық келісімнің болашағы, Сириядағы жағдай мен өзге де өзекті халықаралық мәселерді талқыға салған.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті: - АҚШ пен Солтүстік Корея арасындағы қарым-қатынастар дамып келеді, соңғы айларда оның сипаты түпкілікті өзгерген. Қос тарап ресми кездесуге келісті. Ядролық қару мәселесі туралы сөйлесеміз, мұны бүкіл әлем күтіп отыр, анығында АҚШ президентіне үлкен жауапкершілік артылды.

Ангела Меркель, Германия канцлері: - Ким Чен Ын мен Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Иннің кездесуі бейбіт болашаққа әкелетін үлкен жолдағы алғашқы қадам болды деген үміттеміз. Ұзақ жылдар бойы екіге жарылып, іргені бөлек ұстаудың не екенін біздер, немістер жақсы білеміз.