АҚШ-тың құпия қызметі Дональд Трампқа жолданған күдікті конверттің табылғанын растады.
ERNUR.KZ. АҚШ-тың құпия қызметі Дональд Трампқа жолданған күдікті конверттің табылғанын растады, деп жазады 24.kz.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, хат Ақ үйге жетпей жатып анықталған. Қазір құқық қорғау органдарымен бірге тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған дейін ішінде токсин рицині бар екі конверт анықталған еді. Олар АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис пен әскери-теңіз күштерінің штаб басшысы Джон Ричардсонға бағытталған хаттар екен. Бүгінде уланған конверттер федералдық тергеу бюросына табысталды.