Түркияның лаңкестікпен күресетін қызметі арнайы телефондармен қамтылады​

0
1 053

Түркия компаниялары әскери операциялар кезінде пайдалануға арналған «қауіпсіз» телефондар шығару жобасына күш салып жатыр.


Түркияның лаңкестікпен күресетін қызметі арнайы телефондармен қамтылады​

Түркия компаниялары әскери операциялар кезінде пайдалануға арналған «қауіпсіз» телефондар шығару жобасына күш салып жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ inform.kz сілтеме жасап.

Түркия армиясына жуырда «қауіпсіз» телефондар жеткізіледі. Алдымен оларды лаңкестікке қарсы операцияларға қатысушылар немесе аса маңызды тапсырмаларды орындайтын әскери қызметшілер пайдаланады. Түркия қарулы күштері қызметкерлері «қауіпсіз» телефондар арқылы аудио және видеохабарламалар жіберіп, sms-топтар құру, өздерінің координаттары туралы деректер жіберу мүмкіндігіне ие. Анадолы агенттігінің хабарлауынша, «қауіпсіз» телефондар шығару жобасы Түркия компанияларының күш салуымен іске асырылып жатыр. Бұдан тыс, сериялық «қауіпсіз» спутниктік телефондарды шығару да жоспарда бар, ол да жаңа жобаның құрамдас бөлігі болып табылады.