Цунамиден 50-ге жуық адам қаза тапты

0
1 219

Бұған қоса жоғалып, табылмай жатқандар саны біршама


Цунамиден 50-ге жуық адам қаза тапты

ERNUR.KZ. Жұма күні Индонезиядағы Сулавеси аралында жер сілкініп, артынша цунамиге жалғасқан, деп жазды ktk.kz.

Салдарынан кем дегенде 48 адам ажал құшты. Мұның алдында бес адамның із-түзсіз жоғалғаны жөнінде хабарланған болатын. 7,5 балдық жер сілкінісі жұма күні Сулавеси жағалауында орын алып, цунами қаупі төнгені ескертілген.

Үйлерге көп мөлшерде су кіріп, қаланы су басып қалған. Аурухана, сауда орталықтары мен қонақ үйлер апат салдарынан құлап жатыр. Зардап шеккендер арнайы тігілген медициналық шатырларда ем алуда. Қазір іс-түссіз жоғалғандарды іздеу шаралары жүргізілуде.