Түрікменстанда бір адамға бір келі ұн, жарты келі қанттан ғана сатылып жатыр

0
1 307

Түрікменстанда азық-түлік тапшылығы сезілуде. Дүкендерде ұзын-сонар кезек көбейген. Ал бұл уақытта мемлекеттік телеарналар елде молшылық, береке екенін хабарлап жатыр, деп хабарлайды Sputniknews Қазақстан centralasian.org-қа сілтеме жасап.


Түрікменстанда бір адамға бір келі ұн, жарты келі қанттан ғана сатылып жатыр

фото ашық дереккөзден

Түрікменстанда азық-түлік тапшылығы сезілуде. Дүкендерде ұзын-сонар кезек көбейген. Ал бұл уақытта мемлекеттік телеарналар елде молшылық, береке екенін хабарлап жатыр, деп хабарлайды Sputniknews Қазақстан centralasian.org-қа сілтеме жасап.

28 ақпаннан бастап Ашхабадта мемлекет бақылайтын дүкендерде ұн, қант секілді азық-түлікке шектеу енгізілген. Қазіргі кезде бір адамға бір келі ұн мен жарты келі қанттан артық сатылмайды екен. Осыған дейін бір адамға бес келі ұн мен бір келі қант сатылып келген.

"Ашхабадтықтар таңғы алтыда тұрып, мемлекеттік дүкендердің алдында кезекке тұрады. Өйткені шектеулерге қарамастан, азық-түлік тез таусылып қалады", — дейді аты-жөнін құпия ұстауды жөн көрген Ашхабад тұрғыны.

Оның сөздерінше, шектеу қойылған тауарларды сатып алу үшін сатушылар ең алдымен құжат сұрайды екен. Кәмелетке жасы толмағандарға мүлдем тауар бермейді. Себебін сатушылар түсіндірмейді.