Түрікменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

0
885

Қайтыс болған адам туралы ақпарат барынша құпия сақталған. Ол Қытайдан эвакуацияланған адамдарға арналған лагерьде болған.


Түрікменстанда коронавирустан бір адам көз жұмды

ERNUR.KZ. Түрікменстанның Лебапский велаятында Қытайдан эвакуацияланған адамдарға және қытай компаниясының қызметкерлеріне арналған лагерьде коронавирустан бір адам көз жұмды, деп жазады sputniknews.kz.

Қайтыс болған адам туралы ақпарат барынша құпия сақталған. Оның Қытайдың жоғары оқу орнында білім алған студент екені ғана белгілі.

Орта жастағы тағы бір адамда вирустық инфекция белгілері бар. Ол карантин лагерінде, жағдайы ауыр.

Қытайдағы коронавирус. 2019 жылдың 31 желтоқсанында Қытай билігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухань қаласында белгісіз пневмонияның таралып жатқаны туралы хабарлады. Сарапшылар аурудың қоздырғышын анықтады – ол жаңа типтегі 2019-nCoV коронавирусы.


Қаңтардың соңында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдағы жаңа коронавирус індетін халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп жариялады.