Түркіменстан президенті Халықаралық әйелдер күніне орай 2018 жылдың 1-6 наурыз аралығында меншік түріне қарамастан мекемелер мен кәсіпорындарда еңбек ететін әйелдерге Түркіменбасының атынан салтанатты түрде 40 манат ақшалай сыйлық табыстау туралы қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды turkmenistan.gov.tm.
фото: shnyagi.net

Сыйлық зейнеткерлер, мемлекеттен әлеуметтік жәрдем
алатын, өндірістен қол үзіп аспирантурада, докторантура мен клиникалық ординатурада
оқитын қыз-келіншектерге және Түркіменстан президенті жанындағы мемлекеттік
қызмет Академиясының екі жылдан кем емес таңдаушылары болған, студенттерге
тіпті мектеп оқушылары мен бала-бақшадағы қыздарға да табысталады.