Түркия ресейліктерге тұрақты тұруға рұқсат беретін виза беруді тоқтатты

0
573

Түркияда үй жалдаудың шарты негізінде алғашқы «тұруға рұқсат» алғысы келетін ресейліктердің өтініші кері қайтарылды.


Түркия ресейліктерге тұрақты тұруға рұқсат беретін виза беруді тоқтатты

ERNUR.KZ. Түркияға туристік мақсатта келіп, тұруға рұқсат алғысы келетін ресейліктердің өтініштері 26 желтоқсаннан бастап қабылданбады, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Басылымның хабарлауынша, Түркияда үй жалдаудың шарты негізінде алғашқы «тұруға рұқсат» алғысы келетін ресейліктердің өтініші кері қайтарылды. Өтініші қабылданбаған азаматтар 10 күн ішінде Түркиядан кетуі керек.

Заң бойынша ресейліктер Түркияда 60 күн визасыз бола алады. 60 күннен кейін елден кететіндер алты ай ішінде оралса, Түркияда тағы 30 күн құжатсыз қала алады.

Бұған дейін ТМД-ның басқа елі, яғни Өзбекстанн азаматтары Түркияда жалдау шарты негізінде тұруға ықтиярхат ала алмағанын айтып, шағымданған еді.

Сонымен қатар жергілікті басылымдардың хабарлауынша, Түркияға кеткен украиндарға соғыс аяқталғанға дейін уақытша тұруға рұқсат беруді жалғастырып отыр.