Алтын шахтасында 667 жұмысшы ауысыммен істейді.
ERNUR.KZ. Түркияның Эрзинджан қаласының Илич ауданында орналасқан алтын шахтасында көшкін жүріп, 9 адам зардап шекті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.
Оқиға орнына іздеу-құтқару отрядтары жіберілді.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, 13 ақпанда сағат 14:00 шамасында Эрзинджан провинциясының Илич ауданындағы шахтада көшкін болды. Үйінді астында қалып қойған адамдар бар екенін хабарланды.
Құтқару жұмыстарына 400 адам жұмылдырылған. Алтын шахтасында 667 жұмысшы ауысыммен істейді.