Түркияда Ердоған сөз сөйлейтін парламент отырысына санаулы сағаттар қалғанда жарылыс болды (видео)

0
1 259

1 қазан күні сағат 09:30 (Астана уақытымен 12:30) шамасында екі белгісіз адам көлікпен келіп, шабуыл жасап, екі офицерді жаралаған.


Түркияда Ердоған сөз сөйлейтін парламент отырысына санаулы сағаттар қалғанда жарылыс болды (видео)

ERNUR.KZ. Түркияның Анкара қаласының Чанкая ауданында орналасқан Қызылай алаңында жарылыс болды. Аталған оқиғаға қатысты Түркияның ішкі істер министрі Али Ерликая мәлімдеме жасады, деп жазады stan.kz.

Түркия басылымының хабарлауынша, 1 қазан күні сағат 09:30 (Астана уақытымен 12:30) шамасында екі белгісіз адам көлікпен келіп, шабуыл жасап, екі офицерді жаралаған. Елдің ішкі істер министрі шабуыл жасаушының министрлік ғимаратының алдында өзін жарып жібергенін, екінші шабуылшының "зарарсыздандырылғанын" айтты.

Жарылыс парламенттің жиналуына санаулы сағаттар қалғанда болды. Президент Режеп Тайып Ердоған Швецияның НАТО-ға қосылуын мақұлдайтын парламент отырысының ашылуында сөз сөйлеуі керек болған.

Оқиға орнына жедел қызмет жетіп, полиция жақын маңдағы бірнеше жолды жауып тастады.

"Соңғы лаңкес залалсыздандырылғанға дейін күресіміз жалғасады", - деп жазды Ерликая әлеуметтік желіде.