Қазір мәйітті елге қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.
ERNUR.KZ. Анталияда ресейлік турист коронавирустың салдарынан қайтыс болды, деп жазады zakon.kz.
60 жастағы ер адам қыркүйек айының соңында Түркияға әйелімен демалуға келген. Бір аптадан кейін оған коронавирус диагнозы қойылды.
Ресей Федерациясының Анталиядағы Бас консулдығы ресейлік туристің коронавирус инфекциясынан қайтыс болғанын растады. Жергілікті билік пен сақтандыру компаниясымен келісе отырып, қазір мәйітті елге қайтару бойынша қажетті шаралар қабылдануда.
Ем-дом бойынша жиналып қалған қарыз ақша мәселесі "сақтандыру компаниясы мен сақтандырылған адам арасындағы шарттық қатынастар саласына жатады", - деді Бас консулдық.
Бір күн бұрын Түркияда коронавирус инфекциясы бойынша 2 305 жағдай анықталған, 77 науқас қайтыс болды. Бұл - сәуір айының соңынан бергі ең жоғары көрсеткіш, ал өлім-жітімнің жалпы саны 10 мыңнан асты.