Түркиядағы Әулие София соборында алғаш рет жұма намазы оқылмақ

0
953

Музей жабылып, мешіт ашылды.


Түркиядағы Әулие София соборында алғаш рет жұма намазы оқылмақ

ERNUR.KZ. Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Стамбұлдағы Әулие София соборын мешітке айналдыру туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz.

24 шілдеде ол жерде 85 жылдан кейін алғаш рет жұма намазы оқылады. Енді биылғы діни шараға 500 адам қатыспақ. Олардың қатарында ел президенті Ердоған да бар.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Сұлтанахмет алаңындағы собор алдында мыңдаған мұсылман жиналмақ. Осы орайда қаладағы тәртіпті бақылау мақсатында 17 мың полицей жұмылдырылыпты.

Намаз кезінде собордағы христиан үлгісінде жасалған мозаикалар мен фреска арнайы жарықтың көмегімен қараңғыландырылады немесе пердемен жабылады