Қайтыс болғандардың ішінде үш бала бар.
ERNUR.KZ. Түрік-иран шекарасында күші 5,7 балдық жер сілкінісі болды. Жер сілкісіні салдарынан Түркияда жеті адам опат болды, деп жазады ҚазАқпарат.
«AFAD қызметкерлері Ван провинциясындағы Ван және Озпынар ауылдарына барды. Қираған үйінділер астында адамдар қалып қойған. Жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу.
Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:22-де Батыс Әзербайжан провинциясындағы Хой қаласында болған.