Түркияның 5 банкі Ресейдің төлем жүйесін қосады

0
849

Бұл туристерге ыңғайлы болу үшін жасалған әрекет.


Түркияның 5 банкі Ресейдің төлем жүйесін қосады

ERNUR.KZ. Түркияның 5 банкі Ресейдің "Мир" деп аталатын төлем жүйесімен жұмыс істейтін болады. Сочиде Путинмен кездескен Ердоған осындай келісім жасалғанын мәлімдеді, деп жазады inbusiness.kz.

Түркия Президентінің пікірінше, бұл туристерге ыңғайлы болу үшін жасалған әрекет.

Түріктер, Ресейден рубльмен есеп айырысып, табиғи газ сатып алатын болды. Оған Анкарадағы биліктің Батыс санкцияларына қосылмауы мүмкіндік беріп отыр. Себебі Түркия Ресейдің энергия ресурстарына тәуелді. Осы елге тасымалданатын мұнайдың төрттен бірі, газдың 45 пайызы солтүстіктегі көршіміздікі. Оның үстіне Ресей Түркияда атом электр станциясын салып жатыр.