Twitter әлеуметтік желісі ақылы болуы мүмкін

0
1 309

Маск пен оның кеңесшісі Дэвид Сакс ақырғы кездесуінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың көбіне немесе барлығына ақылы ету идеясын талқылаған.


Twitter әлеуметтік желісі ақылы болуы мүмкін

ERNUR.KZ. Америкалық миллиардер Илон Маск Twitter-ді ақылы әлеуметтік желіге айналдыру жолын қарастырып жатыр, деп жазады zakon.kz.

Platformer порталының жазуынша, Маск пен оның кеңесшісі Дэвид Сакс ақырғы кездесуінде әлеуметтік желіні пайдаланушылардың көбіне немесе барлығына ақылы ету идеясын талқылаған. Мысалы, әлеуметтік желі пайдаланушыға шектеулі уақыт ішінде тегін болуы мүмкін, содан кейін оған бетті жүктеу үшін жазылым қажет болады.

Әзірлеушілер тобы қазір әлеуметтік желінің ақылы премиум-нұсқасын жасаумен айналысып жатқандықтан, бұл жаңалық жақын арада ене қоймауы мүмкін екенін жазыпты басылым.

27 қазанда Маск осы аттас әлеуметтік желіге ие Twitter-ді сатып алу туралы мәмілені жапты. Кәсіпкер Twitter модерация мәселесін зерттейтін арнайы кеңес құрып жатқанын хабарлады.

Миллиардер әлеуметтік желі қызметкерлерінің 50%-ға жуығын, оның ішінде контент модерациясына жауапты команданың 15%-ын жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған-ды.