Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда екі адам жараланды

0
1 363

Екі ел шекара қызметінің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы бірқалыпты. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға Уч-Добо ауылы тұрғынының жеріне қоршау орнатуы себеп болған. Бұл аймақтың әлі қай мемлекетке тиесілі екені ресми анықталмағандықтан, аталған жерге кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.


Тәжік-қырғыз шекарасындағы жанжалда екі адам жараланды

фото: azattyq.org

суретте:Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған жанжал. Баткен облысы, Қырғызстан.

Тәжік-қырғыз шекарасында 3 сәуір күні болған жанжалда Тәжікстан шекара әскерінің қызметкері мен Қырғызстан азаматы жараланды.

Екі ел шекара қызметінің мәліметінше, жараланғандардың жағдайы бірқалыпты. Баткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасындағы жанжалға Уч-Добо ауылы тұрғынының жеріне қоршау орнатуы себеп болған. Бұл аймақтың әлі қай мемлекетке тиесілі екені ресми анықталмағандықтан, аталған жерге кез-келген шаруашылық жұмыстарын жүргізуге тыйым салынған.

"Қырғызстан азаматы ескертуге құлақ аспаған. Бұл Тәжікстанның Хожа-Ало ауылы тұрғындарының ашуын туғызған. Екі тараптан 50 шақты адам сөзге келіп, соңы бір-бірлеріне тас лақтыруға дейін барған" деп хабарлайды Қырғызстан және Тәжікстанның шекара қызметі.

Жанжал жарты сағаттан кейін тоқтаған. Жергілікті билік өкілдері ауыл тұрғындарымен кездескен.

Әлеуметтік желіде жанжалдың бейне жазбасы пайда болды. Ол жерде тараптардың бір-біріне тас лақтырып жатқанын көруге болады.

Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы мемлекеттік шекараның ұзындығы 971 шақырымды құрайды. Оның 519 шақырымы қай елге жататыны әлі нақтыланбаған. Екі ел шекарасында 70-ке жуық даулы учаске бар.