Уәдесін орындамағаны үшін: Тұрғындар әкімді көлікке байлап сүйреді (видео)

0
851

Жол салып беремін деп уәде еткен шенеунік уәдесінде тұрмаған.


Уәдесін орындамағаны үшін: Тұрғындар әкімді көлікке байлап сүйреді (видео)

ERNUR.KZ. Мексиканың Лас-Маргаритас муниципалитетінде жергілікті тұрғында әкімді жол талғамайтын көлікке байлап, қала ішінде сүйреді, деп жазады stan.kz.

Хабарланғандай, жергілікті тұрғындар әкімшілік басшысы Хорхе Эскандонның жұмысына разы болмаған. Жол салып беремін деп уәде еткен шенеунік уәдесінде тұрмаған екен. Қала басшысы тұрғындардың өтінішін елемеген.

Znak басылымының мәліметінше, Хорхе Эскандонды ұрлап әкетуге шамамен 50 адам қатысқан. Артынша 40 полицей әкімді босатуға аттанды.

Тұрғындар мен полиция қызметкерлерінің арасындағы қақтығыс салдарынан 10 адам зардап шекті. Сонымен қатар 11 адам тұтқындалған.

Ендігі шенеунік адам ұрлығы және өлтіруге оқталу туралы арыз түсірмек.