Украина мен Ресей Түркияда үш күндік келіссөздер раундын өткізуге келісті. Ол 28-30 наурызда өтеді.
ERNUR.KZ. Бұл туралы делегацияның мүшесі, Украина Жоғарғы Радасындағы "Слуга народа" фракциясының жетекшісі Давид Арахамия айтты, деп жазады Tengrinews.kz.
Арахамияның айтуынша, шешім 27 наурызда қабылданған. Барлық мәлімет кейінірек хабарланады.
"Видео түрінде өткен кезекті келіссөздер кезінде келесі раундты бетпе-бет 28-30 наурызда Түркияда өткізу туралы шешім қабылдадық", - деп жазды Арахамия Facebook-парақшасында.
Ресей Федерациясынан келген келіссөздер тобының жетекшісі Владимир Мединский жаңа раунд 29-30 наурызда өтетінін растады.
14 наурызда Украина мен Ресей делегациялары арасындағы келіссөздердің төртінші раунды өтті.