Украина президенті Батысқа үндеу жасады

0
420

АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады.


Украина президенті Батысқа үндеу жасады

ERNUR.KZ. Владимир Зеленский Вашингтондағы президент Рональд Рейган атындағы қорда сөз сөйлеп, Украинаның одақтастарына үндеу жасады, деп жазады sputnik.kz.

"Жаңа Patriot жүйелері көмектеседі. Бірақ олар жеткіліксіз. Бұл бес жүйенің көмегі көп", - деді ол.
АҚШ президенті Джо Байден 7 шілдеде Украинаға 225 миллион долларлық жаңа әскери көмек пакетін бөлетінін жариялады. Пентагон соңғы жеткізілімге патрульдік катерлер, HAWK ЗЗК арналған зымырандар, Stinger зымырандары, HIMARS ЖОКЖ арналған оқ-дәрілер, 155 мм және 105 мм артиллериялық снарядтар, M113 броньдалған тасымалдаушылар, түнде көру құрылғылары және Javelin танкке қарсы кешендері бар екенін түсіндірді.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды. Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген.
Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты. Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.