Украина Ресей активтерін сататынын мәлімдеді

0
361

Қазіргі уақытта Украинада санкцияға ұшыраған Ресейдің 691 активі бар.


Украина Ресей активтерін сататынын мәлімдеді

ERNUR.KZ. Украина Ресей активтерін сатып, түскен қаражатты елді қалпына келтіруге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл туралы Токиода өтіп жатқан Украинаның экономикалық өсімін ілгерілету және қалпына келтіру жөніндегі жапон-украин конференциясында Украинаның мемлекеттік мүлік қорының басшысы Виталий Коваль мәлімдеді, деп жазады sputnik.kz.

Қазіргі уақытта Украинада санкцияға ұшыраған Ресейдің 691 активі бар, деп жазды РИА Новости.
"Біз санкцияға ұшыраған активтерді (Ресей Федерациясы – ред.) сатуды жоспарлап отырмыз, қазір бізде 691 актив бар", - деп атап өтті ол.
Коваль қандай активтер туралы айтылып отырғанын нақтыламады, алайда ол сөйлеп жатқан кезде жұрт назарына ұсынылған слайдта "Аэрок" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, "Демурин тау-кен байыту комбинаты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және "Мотордеталь-Конотоп" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілді.