Украинада 98 жастағы әже оккупациядан құтылу үшін жаяу 10 киллометр жүріп өткен

0
369

Ол күні бойы майдан шебінен тамақсыз, сусыз өтіп, бірнеше рет құлап, орнынан тұрып, қайта жүріп өткен екен.


Украинада 98 жастағы әже оккупациядан құтылу үшін жаяу 10 киллометр жүріп өткен

ERNUR.KZ. Украинаның Донецк облысындағы Очеретино ауылының тұрғыны 98 жастағы Лидия Степановна Ресей әскерлері басып алған аймақтан қашу үшін 10 шақырымды жаяу жүріп өткен, деп жазады stan.kz.

Ол күні бойы майдан шебінен тамақсыз, сусыз өтіп, бірнеше рет құлап, орнынан тұрып, қайта жүріп өткен екен.

"Басым шайқалып, шөпке құладым. Ұйықтап қалдым. Содан кейін қайтадан кеттім. Қайтадан құлап, сосын орнымнан тұрдым. Осылай ақырын жетемін деп ойладым", – деді Лидия Степановна.

Ол екі таяққа сүйеніп жеткен.

Кешке қарай әскерилер жолдан шаршаған әйелді көріп, оны бейбіт тұрғындарды эвакуациялап жатқан "Ақ періште" полиция тобына тапсырды.

Әже бір жолмен майдан шебінен өтіп, Украина бақылауындағы аумаққа жетіп үлгерген.

Полицейлер әйелді баспанаға апарып, оған тамақ берді. Олар Лидия Степановнаның туыстарын тапты.

Оның айтуынша, шабуыл басталған кезде келіні мен ұлы қашуға бел буған, бірақ олар әртүрлі жолдармен қашқан сияқты.

Әженің өз қолымен салған үйін орыс артиллериясы қиратты.

"Ол жерде бәрі төңкеріліп жатыр. Не болып жатқаны қорқынышты... Мен ояндым, олар атқылап жатыр. Мен бұған дейін соғыстан аман қалдым, енді бұл соғыстан да аман қалдым. Бірақ ештеңесіз қалдым. Үйлер өртеніп жатыр, ағаштар тамырымен жұлынды", – деді ол.

Немересі оны алып кетуге келемін деп уәде еткен.

Бірнеше күн бұрын 88 жастағы Иван есімді қария да басып алынған Очеретинодан жаяу шығып кеткен. Полиция оны көріп, Покровскідегі баспанаға апарған.

Иван орыстар оның төлқұжатын алып кеткенін айтты. Ол сөмкесін жинап, кетіп қалған. Ода тек зейнетақы куәлігі ғана болған.

Орыстардың атқылауы мен қоқан-лоққыларының салдарынан Украинаның басып алынған шығысы мен оңтүстігінен ондаған мың адам босып кетті. Жақында "Ақ періштелер" Очеретинский ауыл қоғамдастығындағы Желанное ауылына азық-түлік жеткізді. Майдандағы ауылда әлі де жүзге жуық адам қалды.

Майдан Украинаның шығысындағы жаңа қалаларға жақындап келеді. Авдеевканы алғаннан кейін орыс әскері алға жылжиды.

Орыстар стратегиялық маңызды Авдеевканы ақпан айында басып алды. Содан бері олар батысқа қарай жылжып, тағы бірнеше ауылды басып алды.