Украинада кеншілер бас көтерді

0
846

Қазір төрт шахтаның 260-тан аса кеншісі жер астында.


Украинада кеншілер бас көтерді

ERNUR.KZ. Украинаның Днепропетровск облысының кеншілері осымен екінші күн қатарынан жалақыны көтеруді талап етіп, сыртқа шығудан бас тартып жатыр, - деп жазады tengrinews.kz.

Қазір төрт шахтаның 260-тан аса кеншісі жер астында. Бұл туралы тәуелсіз кеншілер кәсіподағының басшысы Михаил Волынец мәлімдеді.


"Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 9.00-де (12.00-де) "Криворожье Железорудный комбинатының" шахталарында 262 кенші бас көтерді. 30-ы - "Октябрь", 86-сы - "Отан", 57-сі - "Терновская", 89-ы – "Гвардейская" шахталарының кеншілері, - деді Волынец.

Сондай-ақ, оның айтуынша, таңертең "Криворожье Железорудный комбинатының" әкімшілік ғимаратының маңындағы алаңда наразылық білдіруші кеншілерді қолдау митингі басталды.