Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды

0
867

Елдің барлық аумағындағы энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы берілуде.


Украинаның барлық аумағында әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды

ERNUR.KZ. Украинаның Цифрлық трансформация министрлігінің онлайн картасынан алынған мәліметтерге сәйкес, бүкіл Украинада әуе шабуылы туралы ескерту жарияланды, деп жазады sputnik.kz.

Ресурстың мәліметінше сәйкес, дабыл барлық аймақтарда дерлік бір уақытта – Мәскеу уақытымен 12.09-да жарияланған.
Ресей қарулы күштері Украинаның инфрақұрылымына соққы беруді 2022 жылдың 10 қазанында – Қырым көпіріндегі жарылыстан соң екі күннен кейін бастады. Ресей билігінің мәліметінше, бұл жарылыстың артында Украина арнайы қызметінің тұр.
Елдің барлық аумағындағы энергетика, қорғаныс өнеркәсібі, әскери басқару және байланыс нысандарына соққы берілуде. Содан бері Украина аймақтарында, кейде бүкіл елде күн сайын дерлік әуе шабуылы туралы ескертулер жарияланды.
Бұл ретте Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Украина қарулы күштерімен қақтығыста ресейлік әскер тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымға шабуыл жасамайтынын мәлімдеді.